422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысының экологтары қырылу фактісін тексереді

  • 121
Атырау облысының экологтары қырылу фактісін тексереді

2020 жылғы 4 қарашада Ақжайық резерватының инспекторлары 15 су құзғыны мен 5 қарқылдақ шағала өлгенін анықтап, бұл туралы акт жасады.

Құстар қырылған жерге Атырау облыстық аумақтық ветеринариялық инспекциясы, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлері бірлесіп шығып, жергілікті жер тексеріліп, өлген құстардан сынамалар алынды.

Атырау облыстық аумақтық ветеринарлық инспекциясы алынған сынамалар қаза болу себептерін зерттеу үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберілді.

Сондай-ақ 2020 жылғы 5 қарашада Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК экологиялық бақылау қызметкерлері зерттеу үшін топырақ, су және ауа сынамаларын алды.

2020 жылдың 4-9 қарашасы аралығында барлығы өлген 74 су құзғыны және 7 шағала табылған.

Сондай-ақ:

«Ақжайық» резерватында қырылған құстардың саны 81-ге жетті 

Хабар 24 телеарнасы