420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтардың 15% коронавирусқа қарсы егілуі мүмкін

  • 121
  • UPD: 21:24, 10.11.2020

Бұған дейін 2 млн 400 мың қазақстандыққа екпе салдыру жоспарда бар еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді елде екпе алатындардың санын көбейте түсуге күш салынып жатыр.

Қазір әлем назары немістің Pfizer және америкалық BionTech препараттарына ауған. Өйткені өндірушілер оның 90 проценттік тиімділігін айтып жар салған еді. Қазақстан да вакцина сынағын жіті бақылап отыр.

Нұрлыбек Асылбеков, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

– Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені жеделдетіп қарастырады. Қазір кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Отандық вакцинамыз бар, Ресей және өзге елдердің вакцинасы бар. Күні бүгінге дейін ешқайсысы сынақтың үшінші фазасына өтпеді. Сондықтан вакцина тіркеуден өткен соң, бірден Pfizer компаниясымен жұмыс істеуді бастаймыз.

Дүниежүзілік денсулық сақтау ұйымы кеңесі бойынша коронавирусқа қарсы екпені қазақстандықтардың 15 проценті алуы мүмкін. Енді халыққа арналған вакцинаны 3 млн-нан асыру қарастырылып жатыр. Дегенмен вакцинациялау көлемі жеке сектор және медициналық мекеме тарапынан түскен сұранысқа қарай белгіленеді. Брифингте медициналық бетперде саудасына қатысты сөз қозғалды. Дәріханадағы баға 26 теңгеден аспауға тиіс. Сондықтан шикізат бағасына зерттеу жүргізіледі деді құзырлы ведомство өкілі.  

Нұрлыбек Асылбеков, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

– Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірге заң шеңберінде тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз. Бизнес субъектілері аталған бағада тауарды сатса жақсы болар еді. Шекті баға отандық және шеттен келген сертификаты бар маскаларға бірдей қойылады.

Бүгінде 20 млрд теңгеге 91 түрлі дәрі-дәрмектің қоры жасақталған. СК Фармация басшысының айтуынша, амбулаториялық ем алатын жандар үшін 5 түрлі дәрі тегін берілуге тиіс.

Ерхат Есқалиев, «СК-ФАРМАЦИЯ» ЖШС басқармасының төрағасы:

– Тегін дәрілермен 1 млн адамды қамтамасыз ету жоспарда бар. Оған 2 млрд теңге жұмсалады. Коронавирустың келесі толқынына дайын болу үшін ортаймайтын дәрі-дәрмек қорын құрдық. Яғни бір айда стационарда емделетін 60 мың адамды қажет препаратпен қамту қарастырылған. 

Препарат жетпеуі салдарынан өлім-жітімнің көбеюін болдырмаймыз деп отыр СК-Фармация басшысы. Оның айтуынша, қажетті дәрі-дәрмек ауруханаларға уақтылы жеткізіледі. Тиісті мониторинг те ұдайы жүргізілмек. 

Хабар 24 телеарнасы