Таразда той жасап, сауық құратындардың әрекеті тыйылмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жұрт заңға қайшы екендігін біле тұра той-думанды тоқтатар емес. Қатаң ескертулер жасалып, айыппұл салынып жаса да, соған қарамастан беташар жасап, мейман күткендер тағы да анықталды. Арнайы мобильді топ бұл жолы 40-тан астам адам жинап, карантин режимін бұзғандардың үстінен түсті. Салтанатты іс-шараны ұйымдастырушыларға ескерту беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жиналған жұрт үйлеріне қайтарылған.
Айта кету керек, соңғы 4 айда өңірде 11 мыңнан астам нысан тексеріліп, жүздеген заң бұзу дерегі тіркелген. Оларға жалпы құны 45 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.
Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
– Карантин режимін сақтау бойынша 50 мониторингтік топ нысандарда 668 бұзушылықты анықтады. Жиналған материалдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.