423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Этникааралық келісімнің қазақстандық үлгісі мысалға келтірілді

  • 104
Этникааралық келісімнің қазақстандық үлгісі мысалға келтірілді

Толеранттық – бейбітшілікке апаратын жол, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бейбітшілік пен келісім, құрмет және төзімділік өте маңызды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов «Толеранттылық – әлемдік өркениеттің негізі» атты халықаралық конференцияда айтты.

Пандемияға байланысты биылғы іс-шара онлайн форматта өтті. Онда әлемдік және дәстүрлі дін өкілдері, теолог ғалымдар, саясаттанушылар, дипломаттар мен түрлі елдің мемлекеттік қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ Марат Әзілханов этникааралық келісімнің қазақстандық үлгісін мысалға келтірді. Елімізде 130 этнос,18 конфессия және 3500-ден астам діни бірлестік бар. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда диалог пен толеранттылықтың базалық қағидаты нығайтылғанын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы