423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да сұңқар ұстағандардың әрекеті әшкере болды

  • 140
ШҚО-да сұңқар ұстағандардың әрекеті әшкере болды

Шығыс Қазақстан облысында сұңқардың балапандарын заңсыз ұстаған браконьерлердің әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қызыл кітапқа» еніп ерекше қорғауға алынған құстарды Тарбағатай ауданы тұрғындары арнайы қақпанмен қолға түсіріпті. Күдіктілерді әшкерелеу үшін облыстық Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлі бірілесіп арнайы операция өткізді. Нәтижесінде браконьерлердің үйін тінту кезінде сұңқардың 2 балапаны табылды. Күдікітілер айыптарын мойындап, құстарды қалай ұстағандары туралы түсініктеме берген. Енді олар 7,5 млн теңге айыппұл төлеуі тиіс. Тіпті 3 жылға дейін бас бостандықтары шектелуі мүмкін. Ал құстар табиғатқа жіберілді.  

Талғат Шаяхметов, облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары:

– Күдікті азаматтарға «Қызыл кітапқа» енген сұңқарды ұстағандары үшін айып тағылды. Тергеу аяқталды. Іс сотқа жолданды. Браконьерлердің қандай жазаға тартылатынын сот шешеді.

Хабар 24 телеарнасы