422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда әкімі азаматтарды онлайн қабылдады

  • 104
  • UPD: 14:19, 14.11.2020
Елорда әкімі азаматтарды онлайн қабылдады

Елорда әкімі апта сайынғы онлайн-қабылдауда оннан астам тұрғынмен байланысады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Апта сайын өтетін онлайн-қабылдауда 10-нан астам тұрғынды қабылдадым. Қала тұрғындары көтерген мәселелерді жоспарлы түрде шешу партияның қалалық сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан. Бұл әлеуметтік тұрғын үй құрылысы, үлестік құрылыс нысандарын аяқтау, елді мекендерді, инфрақұрылымды дамыту, мектептер, медициналық мекемелер салу және т. б..

Қабылдауларда көтерілетін мәселелердің бір бөлігі бірден шешімін табады. Қалғандарын жұмысқа аламыз. Қала тұрғындары мәселелерінің орындалу мәртебесін қадағалау үшін онлайн жүйе жұмыс істейді», –  деп жазды Алтай Көлгінов.

Хабар 24 телеарнасы