423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Еңбек» бағдарламасы аясында 379,5 мың адам жұмысқа орналасты

  • 97
  • UPD: 10:11, 16.11.2020
«Еңбек» бағдарламасы аясында 379,5 мың адам жұмысқа орналасты

Биылғы 10 айда 580,9 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды.

Ол арқылы 379,5 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 231,5 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

198 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды, оның ішінде 18,6 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 33 мың адам жастар практикасына, 147,1 мың адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмыс күші мол өңірлерден 5 360 адам, яғни 1 535 отбасы қоныс аударды.

2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,2 мың адам жіберілді, ТжКБ бойынша оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында жыл басынан бері жаппай кәсіпкерлікті дамыту 12 109 микрокредит берілді, оның ішінде ауыл тұрғындарына 10 929 микрокредит берілді. Микрокредит алушылар 12 738 жұмыс орнын ашты.

Сондай-ақ бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 200 АЕК мөлшерінде 38 мыңнан астам мемлекеттік грант беріледі. 1 қарашада 34,1 мыңнан астам грант бөлініп үлгерді.

Бұдан басқа, 33,2 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті.

Хабар 24 телеарнасы