425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен ауылдарда 10 үй пайдалануға беріледі

  • 76
  • UPD: 17:41, 16.11.2020
Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен ауылдарда 10 үй пайдалануға беріледі

Жақында Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен ауылдарда 10 үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев хабарлады. Оның айтуынша, бұған дейін Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекендерінің тұрғындарына жаңа баспананың кілттері табысталды. 196 тұрғын үйдің құрылысы Үкіметтік резерв есебінен жүргізілсе, қалған 190 баспана қайырылымдық қорларының арқасында салынды. Ал Мырзакентте жаңа мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория мен полиция бекетін ашу жоспарда бар.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

– Өздеріңіз білесіздер, көрші Өзбекстанда Сарыдоба су қоймасы жарылды. Салдарынан бізде 500 млн кубадан астам су Мақтаарал ауданын басып қалды. Ол жағдай толық еңсерілді. Зардап шеккен 1 мыңнан астам үй қайтып орнына келтірілді. 3 мектеп, 5 балабақша 4 денсаулық сақтау мекемесі және 1 мәдениет үйі.

Хабар 24 телеарнасы