423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында дәрігерлер жол бойындағы бекетте жүкті әйелді босандырды

  • 72
  • UPD: 10:37, 17.11.2020
Алматы облысында дәрігерлер жол бойындағы бекетте жүкті әйелді босандырды

«Күрті» ТМҚП дәрігерлері жол бойындағы бекетте жүкті әйелді босандырып алды, деп хабарлады ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ.

«Алматы облысының «Күрті» трассалық медициналық-құтқару пунктіне кеше сағат 14:40-та 20 жастағы жүкті әйел көмек сұрап барған. Трассалық пункт фельдшері жүкті әйелді қарай бастаған сәтте оның толғағы басталған. «Күрті» ТМҚП дәрігерлері сол жерде әйел адамды аман-есен босандырып алды. Құтқарушы-медбикелердің айтуынша, қыз бала дүниеге келген. Баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Қазіргі уақытта босанған әйел мен бала Алматы облысы Іле ауданының орталық ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, трассалық медициналық-құтқару пункті жол-көлік оқиғалары кезінде шұғыл көмек көрсетумен қатар, трассалық пункттерге жәрдем сұрап келген жолаушыларға да медициналық көмек көрсетеді. Трассалық медициналық құтқару пункттері ашылған сәттен бастап өтініш білдірген 17 мың азаматқа көмек көрсетілді. Олардың 900-ден астамы емдеу мекемелеріне жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы