420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру мәселесі қаралды

  • 121
Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру мәселесі қаралды

Елімізде 2021 жылы қағаз анықтамаларға деген қажеттілікті толығымен жою керек.

Бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин осылай деді. Үкімет басшысының айтуынша, әзірге көрсетілетін электронды қызметтің сапасы жөнінен Ақмола, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары алда келеді.

«Ал Алматы облысы мен Шымкент қаласында бұл жұмыс тиісті деңгейде жүріп жатқан жоқ деді», – Премьер-Министр.

Осыған орай ол жауапты мекеме өкілдеріне бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, ең қажетті мемлекеттік қызметтерді мобильді форматқа көшіру жұмысын жандандыруды тапсырды. Цифрлық даму министрлігіне маңызды әлеуметтік қызметтерді eGov-mobile ауыстыру бойынша жоспарды бекітуді міндеттеді. Бұдан бөлек Премьер-Министр цифрландыру саласындағы жаңалықтарды түсіндіру жұмысына ерекше көңіл бөлу қажет екенін алға тартты.

Хабар 24 телеарнасы