425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 300 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

  • 174
  • UPD: 10:03, 18.11.2020
Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 300 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

2020 жылғы қаңтар-қазан аралығында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 242 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 61 млрд теңге бөлінді.

Қазан айында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 23,6 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 6,2 млрд теңге бағытталды, деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 518,8 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар саны 145,7 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

2020 жылғы 1 қарашада мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 45 507 теңгені, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 42 614 теңгені құрады.

Хабар 24 телеарнасы