420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында COVID-19 жұққандар саны артып барады

  • 85
  • UPD: 17:31, 20.11.2020
Павлодар облысында COVID-19 жұққандар саны артып барады

Ертіс өңірінде коронавирустық инфекция жұққандар саны күннен күнге көбейіп жатыр. Соңғы тәулікте 85 жағдай тіркелді.

Ауруға шалдыққандардың басым бөлігінде сырқат белгісі білінбеген. Олардың басым бөлігі Павлодар қаласының тұрғындары.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының мәліметінше, бүгінде провизорлық стационарлардағы төсек-орын қорының 70 проценті бос. Ал дәрі-дәрмекпен қамту жағында мәселе жоқ. Сала мамандары эпидемиологиялық жағдайды тұрақты деп бағалады. Десе де, кеше өңір коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша қызыл аймаққа енген болатын.

Айта кетейік, облыста аяғы ауыр әйелдер арасында ауру жұқтыру бойынша өсім бар. 

Айдар Сейітқазинов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: 

- Осы жылдың наурыз-қараша айлары аралығында вирус жұқтырған 181 жүкті әйел тіркелді. Бүгінгі күні 163-і дерттен айығып, ауруханадан шығарылды. Жалпы  200 азаматша пневмония жұқтырды. Барлығы дерлік емделіп шықты. Қазіргі уақытта 14 әйел ем қабылдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы