423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҮЕҰ – бұқара мен билік арасындағы алтын көпір

  • 42
  • UPD: 22:49, 21.11.2020

Атыраудағы Абай орталығында IX Азаматтық форум өтті.

Үкіметтік емес ұйым мүшелерінің қатысқан кеңесте өңірдегі күрделі түйткілді мәселелер талқыға салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алқалы жиында бас қосқан ұйым мүшелері тың идеяларымен де бөлісті. «Қоғам және мемлекет: ынтымақтастық пен дамудың 30 жылы» тақырыбындағы форумда 50 үкіметтік емес ұйым өкілдері сараптамалық пікір алмасты.

Мұнайлы өңірде өткен IX Азаматтық форумда экология, ішкі туризм, азаматтардың құқықтары мен мәдени құндылықтар кеңінен қамтылды. Сондай-ақ ұйым мүшелері бүгінге дейін өздерінің атқарған жұмыстарымен таныстырып, әлеуметтік жобалардың көрме-жәрмеңкесін де ұсынды.

Бақытгүл Хаменова, облыс әкімінің орынбасары:

- Үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру мәселесі, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекет арасындағы құқықтық сауаттылығын арттыру және әрі қарай бірлесіп жұмыс жасап, ашықтықты көрсету, мынау әкімдік тарапынан жасалып жатқан жұмыстардың дәлдігін, ашықтығын, қаржылай сауаттылығын көрсету, осының барлығы да бүгінгі форум аясында талқыға салынды.

Жиынға қоғамдық ұйымдардың үздік әлеуметтік маңызды жобалары мен бастамаларына қолдау көрсету мақсатында шетелдік және отандық кәсіпорындар да қатысты. Форум барысында қауіпті індет кезінде халыққа қызмет көрсеткен 6 үкіметтік емес ұйым өкіліне «Халық алғысы» медалі табысталды. Сондай-ақ 14 ұйым жетекшісі облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Айгүл Уәлиева, «Алтын уақыт» ҚҚ жетекшісі:

- Пандемия кезінде «Атырау волонтерлік штабына» тіркеліп, волонтерлік қызмет атқардым өз басым. Бұл қйырымдылық жасап жатқаным – өзімнің шын жүрегіммен жасаған ісім. Бүгінгі таңда халыққа мың алғысымдыайтамын. Көмектесуге әрдайым дайынмын.

Форумға қатысушылар халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған жобаларын ұсынды. Белсенділердің игі істері жиынға қатысушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Айта кетейік, қазір аймақта 700-ге жуық бірлестік тіркелген. Дегенмен,олардың тек 120-ы ғана халықпен тығыз байланыста қызмет атқарып отыр.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы