Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер 8 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бүгін өңірдің Бас санитар дәрігері тиісті қаулы шығарды. Оған сәйкес Риддер қаласында, Глубокое және Алтай аудандарындағы базарларды қоспағанда, ашық азық-түлік базарларының қызметі апта күндері шектеусіз, таңғы 08:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Ал жабық азық-түлік базарлары мен азық-түлік сатпайтын базарлар дүйсенбі-жұма аралығы, 08:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істей алады, тек демалыс және мереке күндері олардың қызметіне тыйым салынады. Облыс аумағындағы шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдайға қарай қайта қаралуы мүмкін.
Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысы CОVІD-19 инфекциясының тараулы бойынша «қызыл аймаққа» кірген.