420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әрқайсысы 68 мың теңге тұратын бетперделерге қатысты түсініктеме берілді

  • 112
  • UPD: 20:13, 24.11.2020
Әрқайсысы 68 мың теңге тұратын бетперделерге қатысты түсініктеме берілді

Әрқайсысы 68 мың теңге тұратын 200 медициналық бетперде жансақтау бөлімінің дәрігерлері үшін алынған.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы бағаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Медициналық бетперделерді мемлекеттік сатып алу бойынша арнайы компания жеткізген. Польшада жасалған тауардың жалпы құны 13 миллион теңгеден асады.

Еске сала кетейік, тұрғындар әлеуметтік желіде қорғаныш құралдарының тым қымбат екенін айтып, наразылық танытқан еді. Басқарма басшысы бұл бетперденің індеттің алғашқы толқыны басталмай жатып алынғанын айтты. Адамның бетін толығымен тұмшалайтын резеңке маскалар зиянды бактериялар мен инфекциядан жақсы қорғайды екен. Екі сүзгісі бар. Олар ауыстырылып тұрады.

Ержан Нұрлыбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Біздің жансақтау бөліміндегі дәрігерлер инфекциялық аурухананың қауіпті аумағында жұмыс істейді. Олардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі үшін осындай ерекше маскаларды пайдалануды жөн көрдік. Ол ведомостваралық комиссияның мақұлдауымен коронавирусқа қарсы пайдаланылатын қажетті медициналық заттар тізіміне енген. Індеттің алғашқы толқыны кезінде мемлекеттік сатып алу бойынша баға сондай болды.

Хабар 24 телеарнасы