427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысы екінші толқынға дайындықты күшейте бастады

  • 177
  • UPD: 21:46, 24.11.2020

Халқы тығыз орналасқан өңірде эпидемиологтар мен инфекционист дәрігерлер Zoom арқылы тәжірибе алмасып, медбикелер арнайы оқу-сабақтарынан өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде облыстағы инфекциялық стационарларда 6 адам коронавирустан, 28 адам вирусты пневмониядан емделіп жатыр.

Сарыағаш аудандық ауруханасына қосымша тыныс алу аппараттарымен толықты. Инфекциялық бөлімшеде отыз төсек-орын дайындалған. Қазір мұнда күнделікті Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан өткен жолаушылар жеткізіліп, тәулігіне қырыққа жуық адамнан сынама алынады.

Нұржігіт Жартаев, Сарыағаш ауданының тұрғыны:

- Жазда өзім бір айдан астам ауырып, ем алғанмын. Халықта үрей болғаны рас қой. Өзіміз де көрдік. Бүгінгі күні ол үрейдің бәрі сейілген секілді.

Індет кезінде тәулігіне 250-дей оттегі баллонын Шымкенттен тасымалдаған мамандар енді ол қиындықтар артта қалғанын айтады. Ауруханаға орнатылған оттегі станциясы қазір бір емес үш ауданның ауруханасын қажетті көлемде оттегімен қамтамасыз етіп отыр.

Азамат Субанов, Сарыағаш аудандық ауруханасының бас инженері:

- Сағатына елу текше метр және 120 точкаға оттегі жеткізеді дер кезінде. Қосымша сағатына бес баллон шығарады. Бізге жақын Сарыағаш ауданы мен Қазығұрт ауданы тегін тасымалдайды. 

Шалғайдағы Шардара ауданында да ауылдық емханалар қажетті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтылған. Ал, орталық ауруханада оттегі концентраторлары жаңартылып, тыныс алу аппараттарының саны артты.

Бақытжан Ахметов, Шардара аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Алғашқы толқында науқастарды емдеп, біраз тәжірибе жинақтаған соң бірінші дайындығымыз сол болып тұр. Екінші дүниежүзілік, сосын Денсаулық сақтау минирлігі тарапынан берілген түрлі нұсқаулықтар әдебиеттерді пайдаланып, қазір білімдерімізді арттырып отырмыз.

Қазір 8 ауруханаға қосымша оттегі станциясы орнатылып, 80 бірлік оксигенация аппараты сатып алынған. Оттегі концентраторларының саны да артты. Қажетті дәрі-дәрмек қоры да жасақталуда.

Жанболат Ділдәбеков, қалалық орталық аурухананың бас дәрігері:

- Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар және қорғаныш заттар 2 айлық мөлшерге жететіндей қамтамасыз етілген. Жұқпалы аурулар бөлімшесін айтатын болсақ, инфекциондық госпиталь ретінде 50 төсек-орынға арналған. Осы бөлмелерде арнайы бокстар бар. Науқастарды қабылдап, ем жүргізіледі.

Бұдан бөлек, облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы 77 санитарлық жаңа автокөлікпен толықты. Мамандандырылған реанимациялық емдік шараларын көрсетуге мүмкіндік беретін автокөліктер алғашқы медициналық және реанимациялық көмек көрсетуге арналған қажетті құрал-жабдықтармен, электрокардиограф, редуктор-ингалятор және өкпені жасанды желдету аппараттарымен жасақталған.

Марат Пашимов, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

- Бүгін 77 жаңа автокөлік келді, жыл соңына дейін тағы 45-і келеді. Бұл жедел жәрдем станциясын 96,7%-ке жаңартады деген сөз. Бүгінгі күнге дейін коронавирус бойынша Түркістан облысында жағдай тұрақты. Кеше тәулік бойы науқас тіркелмеді. Инфекциалық госпитальда 32 науқас ем қабылдап жаыр. Олардың жағдайы тұрақты. ИВЛ және оттегі баллонымен демалып жатқаны жоқ.

Жалпы Түркістан облысында індет басталғалы 3461 науқас қауіпті індет жұқтырып, соның 3378-і жазылып шыққан.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш, Самат Нағашбекұлы

Хабар 24 телеарнасы