420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда 65 келі шұжық өнімі сатылымнан алынды

  • 110
  • UPD: 22:55, 24.11.2020
Ақтауда 65 келі шұжық өнімі сатылымнан алынды

Ақтауда жалпы салмағы 65 келі болатын шұжық өнімдері сатылымнан алынып тасталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зертханалық сараптамалар олардың құрамында натрий нитритінің тым жоғары екенін көрсеткен. Мәселен, Жамбыл өңірінде шығарылған «Байрам» сервелаты мен Ресейдің «Праздничная» және докторлық шұжықтары талапқа сай емес. Бұдан бөлек, тауардың дұрыс таңбаланбағаны да анықталды. Атап айтсақ, кейбір тағамның сипаттамасы мемлекеттік тілде жазылмаған. Сондай-ақ жасалған күні мен сақталу мерзімі жайлы ақпарат көрсетілмеген. Тек қазан айында жүргізілген тексерулер нәтижесінде 264 түрлі азық-түлік тауарының бірқатары сатылымнан алынған.

Жарасхан Саламатова, өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Тағам емес өнімдерді де сатып алып, оларды зертханалық сараптамадан өткіземіз. Олардың ішінде мысалы, бір балалар ойыншығынан (Қытайда өндірілген) фенолдың шамадан артық мөлшерде екені анықталды. Ол өнім саудадан алынып, жойылды. Және Қытайда өндірілген асханалық шаңышқы, қасықтың 19 түрі тексерілген еді. Оның 12-сі каррозияға шыдамсыз болып шықты. Олар да айналымнан алынып тасталды. Осы 10 ай ішінде 400 мыңға жуық теңге көлемінде айыппұл салынды. 29-дан санитарлық ұйғарымдар берілді.

Хабар 24 телеарнасы