425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

КВИ науқастарын емдейтін дәрігерлер ПТР-тестті тегін тапсыруы тиіс – Бас санитар

  • 242
  • UPD: 19:39, 27.11.2020
КВИ науқастарын емдейтін дәрігерлер ПТР-тестті тегін тапсыруы тиіс – Бас санитар

Коронавирус науқастарын емдейтін дәрігерлер ПТР-тестті тегін тапсыруы тиіс.

Егер зертханалар ақы сұраған жағдайда құзырлы органдарға хабарлау керек. Бұл туралы еліміздің Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты. Журналистер елордадағы мекемелер кезекті еңбек демалысынан шыққан дәрігерлерден тест қорытындысын талап еткені туралы мәселе көтерді. Дәрігерлерді ақылы зертханада өз қаражаты есебінен өтеуге мәжбүр еткен. Айжан Есмағамбетова: «Стационарларда жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлері тестті тегін тапсыруы қажет» дейді.

 

Хабар 24 телеарнасы