424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында мемлекеттік мекемелер қазына қаржысын тиімсіз жұмсамақ болған

  • 189
  • UPD: 20:44, 27.11.2020
Ақмола облысында мемлекеттік мекемелер қазына қаржысын тиімсіз жұмсамақ болған

Ақмола облысында бірқатар мемлекеттік мекеме ел қазынасынан бөлінетін қаражатты бей-берекет жұмсамақ болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар мемлекеттік сатып алу порталында белгілі бір тауардың сатып алу құнын 10 есе жоғары көрсеткен. Мәселен, «Степногорск су арнасы» мекемесі құбырға қажетті шойын бұрандаларды 1 млн 470 мың теңгеден сатып алмақ болған. Ал, оның нарықтағы бағасы 85 мың теңге ғана. Өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің араласуымен ел қазынасындағы 7 млн теңге қаржы үнемделді. «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорны да дәнекерлеуге қажетті электродтарды «1456 теңгеден сатып аламыз» деп, порталда конкурс жариялаған. «Алайда, оны 549 теңгеден табуға болады», - дейді, мамандар. Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізудің арқасында 350 млн теңге бюджет қаржысы үнемделіпті.

Данияр Каконов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы:

- Тағы бір мысал. Атбасар аудандық әкімдігі 950 мың теңгеге кеңсе жиһазын сатып алмақ болды. Біз оны порталдан дер кезінде көріп, әкімдікке хат жолдадық. Сөйтіп, олар тауарды сатып алудан бас тартты. Себебі, осы жылдың 25 мамырында Мемлекет басшысы мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерге 3 жылға дейін жиһаз сатып алуға тыйым салған болатын. Осындай мониторинг күнделікті жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы