420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Тәуелсіздік және Ұлы дала даңғылдары қиылысында жол ашылды

  • 112
  • UPD: 14:05, 01.12.2020
Елордада Тәуелсіздік және Ұлы дала даңғылдары қиылысында жол ашылды

«Тәуелсіздік даңғылынан Қалдаяқов көшесіне дейінгі учаскеде Ұлы дала даңғылының құрылысы» жобасы аясында 30 қараша күні Тәуелсіздік даңғылынан арнайы айналма тасжолына дейінгі учаскеде Ұлы дала даңғылы бойынша жол қозғалысы қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ 29-көшеден Ұлы дала даңғылына дейінгі учаскеде 38-көшенің құрылысы объектісін салу бойынша жұмыстар аяқталуына байланысты бүгінгі таңда Тәуелсіздік (38) – Ұлы дала даңғылдарының қиылысында жол ашылды», – деп жазылған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Instagram желісіндегі парақшасында.

 

Хабар 24 телеарнасы