419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында қарусыз қойшыларға қасқыр тыным бермей жатыр

  • 310
  • UPD: 11:28, 02.12.2020
Атырау облысында қарусыз қойшыларға қасқыр тыным бермей жатыр

Атырау облысы Азғыр өңіріндегі мал шаруашылықтары қасқырлардан зардап шегіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қиыр қонып, шет жайлап жүрген шопандардың от қаруларын полицейлер жинап алған. Мылтықсыз қалған қойшыларды түз тағыларының басынғаны сондай, алдарындағы малды тартып жей бастапты. Өткен 4 айда асыл тұқымды қой зауыты шопандарынан 32 бас мал шығын болған. Енді осы шығынды шаруалар өз қалталарынан жабу керек. «Оны төлеуге шашымыз шақ келмейді», - дейді қарусыз қалған қойшылар. Себебі саулық қой 60 мың, қошқары 120 мың теңге тұрады екен. Жұқпалы індетке байланысты аймақта техникамен жүру қатынасы да сиреген.

Аманғали ҒАббасов, асыл тұқымды қой зауытының шопаны:

- Күні кеше ғана қасқыр шауып, бір бас қойды тартып жеп кетті. Оны қалай етеміз? Мылтық жоқ ататын. Жинап алып кетті. Енді кері алайық десек, қырғын құжат керек. Малды төлетеді, нанбайды. Мал бағу қиындап барады.

Хабар 24 телеарнасы