419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әуе жолаушыларының 93%-ті Қазақстанға ПТР анықмаларымен келген

  • 110
  • UPD: 11:44, 02.12.2020
Әуе жолаушыларының 93%-ті Қазақстанға ПТР анықмаларымен келген фото: aikyn.kz

Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Кеше республика аумағына Германия, Корея, Мысыр, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан және Өзбекстаннан 9 халықаралық әуе рейсі қонды. Ондағы 1200-ден астам жолаушының, 1150-інде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамалар болған.

«Ал 85 адам анықтамасыз келген. Олар карантиндік стационарларға орналастырылып, тексерілді. Барлық 85 адамның тестілеуі теріс нәтиже көрсетті», - делінген хабарламада.  Айта кетейік, халықаралық әуе рейстері Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына жасалған.

Хабар 24 телеарнасы