419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда әкімі Алтай Көлгінов апатты деп танылған үйдің тұрғындарымен кездесті

  • 112
Елорда әкімі Алтай Көлгінов апатты деп танылған үйдің тұрғындарымен кездесті Александр Куприенко

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Дүкенұлы көшесі, 21 үй(Сарыарқа ауданы) мекенжайы бойынша орналасқан үйдің тұрғындарымен кездесті.

«Бұл туралы Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды», – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қаланың ескі бөлігінде кейбір аудандар едәуір ескірген. Жайлылыққа ерекше көңіл бөлеміз: тұрғын үйлерді жөндеп, тұрғындар үшін үлкен аулалар, саябақтар мен скверлер саламыз, апатты үйлерді бұзамыз».

Бүгін Дүкенұлы көшесі, 21 үй мекенжайы бойынша орналасқан үйдің тұрғындарымен кездестім. Бес қабатты жатақхана 1966 жылы салынған, шамамен 170 бөлме бар. 600-ге жуық адам тұрады. Тұрғындарда электр, су, кәрізге қатысты мәселелер туындайды. Сонымен бірге ғимарат іші суық. Бұл денсаулыққа, әсіресе балалар мен аға буынға теріс әсер етеді. Үйге техникалық тексеру жүргізу кезінде тозу 60%-тен астамды құрайтыны анықталды. Ғимарат апатты деп танылды. Ол тізімге қосылды.

Тұрғындармен кездесу барысында тізімге 90 жыл бұрын салынған апатты үйлер де енгізілді. Осы жылдың соңына дейін ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында жөнделген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жалпы саны 50-ден асса, 100-ге жуық лифт жөнделіп, ауыстырылады», – деп жазды Алтай Көлгінов.

 

Хабар 24 телеарнасы