414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да баламалы қуат көздері көбейіп келеді

  • 132
  • UPD: 11:22, 05.12.2020
ШҚО-да баламалы қуат көздері көбейіп келеді

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында қуаттылығы жылына 30 мегаваттық күн электр станциясы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда 14 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы құны 10 миллиард теңгеден асатын жоба шетелдік инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Жалғызтөбе кентінің маңындағы 70 гектарға жуық жерде 2700 панель күн қызуынан электр қуатын алады. Жаз айларында күніне 200 мың киловатт сағат өндірілсе, қыста екі есеге азаяды екен. Өңірде сонымен қатар жел электр станциясының құрылысы да жүріп жатыр. Оның қуаты да 30 мегаватт.

Денис Крохалев, Күн электр станциясының ауысым басшысы:

- Біздің өңірдің ерекшелігі, ашық күндер көп. Тіпті бұлт болғанның өзінде жел қатты болғандықтан, аспан тез ашылып кетеді. Сондықтан мұндай станцияларды көбейтуге әбден болады. Күллі әлемде бұған сұраныс жыл сайын артып келеді. Өйткені баламалы қуат көздері – болашақтың энергиясы.

Хабар 24 телеарнасы