423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алаяқ алматылықтарды 400 миллион теңгеге алдап кеткен

  • 286
  • UPD: 11:54, 14.12.2020
Алаяқ алматылықтарды 400 миллион теңгеге алдап кеткен polisia.kz

Алматы полициясы азаматтарды 400 миллион теңгеден астам соммаға алдап соққан адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

1977 жылы туған Шығыс Қазақстан обласының тумасы Ш.есімді азамат 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жүріп «Хан Тенгри» тұрғын үй кешенінен «жалға берілетін тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу, сондай-ақ жер учаскелері мен қамауға алынған көлік құралдарын электрондық саудадан алып беремін деп сылтауратып, тұрғындардың қаражаттарын ірі көлемде иемденіп, 400 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген.

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі, 2-тармағына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ш.азамат күдікті деп танылды. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-131 баптарына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

Сонымен қатар Ш. деген азаматтың заңсыз әрекеттері салдарынан зардап шеккендерді мына мекенжайға жүгінуге шақырамыз: Алматы қ., Масанчи к-сі, 55 үй, Алматы қаласы ПД ТБ ОРППОП ішкі істер органдарының аға тергеушісі, полиция майоры И.Г.Литвиненко ж.т. 261-84-90, 254-40-59 және 8-775-284-55-56, – деді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Әділ Салаев.

Хабар 24 телеарнасы