420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтан тұрғындары «Менің туым, менің Отаным» акциясын қолдады

  • 110
  • UPD: 14:27, 16.12.2020
Нұр-Сұлтан тұрғындары «Менің туым, менің Отаным» акциясын қолдады

Тәуелсіздік күніне орай басталған «Менің туым, менің Отаным» акциясына қазақстандықтар жаппай қолдау көрсетіп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласында волонтерлер бірқатар  нысандардың балконына көк туды ілгені сол, тұрғындар да іліп әкетіп, үйлерінің терезесі мен балкондарына басты рәмізімізді іліп қойған. Қала тұрғындары бұл акция мерекелік көңіл күй сыйлап, патриоттық сезімді арттыра түседі дейді. Ал ұйымдастырушылар бұл акция ел арасындағы татулық пен бірлікті күшейте түсеріне сенімді.

Әл-Фараби аймақ, волонтер:

- Бұл біздің тәуелсіздік күніне орай жасап жатқан істер болып табылады. Мен елорданың жас еріктісі ретінде қандай бастамаларды қолдаймын. Болашақта жалғасады деген сенімдемін. Осындай бастамаларды, челленджді басқа облыстарға жолдаймын.

Хабар 24 телеарнасы