421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да қарлы бораннан соң аяз күшейеді

  • 160
  • UPD: 15:27, 20.12.2020
ШҚО-да қарлы бораннан соң аяз күшейеді

Шығыста күн райы күрт бұзылды. Өткен тәуліктен бері өңірдегі таулы аймақтарда қарлы боран соғып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осының кесірінен бүгін таңертең Өскемен – Семей – Павлодар бағытындағы автокөлік жолының Семейден Төлеген Тоқтаров ауылына дейінгі аралық барлық көлік түрлері үшін уақытша жабылған. Жауапты мекеме мамандарының мәліметі бойынша қарлы бораннан жол мүлде көрінбей қалған. Дегенмен, түс ауа боран басылып, жол ашылды. Қазір көлік қатынасы қайта қалпына келді. Алайда аймақта ауа райының қолайсыздығына қарамай жолға шығып, боранда қалып жатқандар да бар. Екі күн бұрын көліктері сынып жолда қалған Абай ауданының 5 тұрғыны құтқарылды. Ал аймақтың ауа райын болжау ортылығының мамандары бораннан соң өңірдегі жекелеген аудандарда қалың қар жауатынын хабарлады. Алдағы сейсенбіден бастап сары аяз түседі. Алтай, Қотанқарағай, Көкпекті сияқты таулы аудандарда түнде аяздың күші 28-30 күндіз 25 градусқа төмендесе, Өскемен, Семей Риддер қалаларында 20-25-ке дейін төмендейді.

Динара Жиымбаева, инженер-синоптик:

- Алдағы 1-2 тәулікте солтүстік батыстан қарлы дауыл соғады. Кейбір аудандарда боранның жылдамдығы секундына 20-25 метрге жетеді. Бұл қарлы боран облыстың барлық аумағын қамтиды. Одан соң бір тәулік желсіз ауа райы болады. Ал желтоқсанның 22нен бастап қатты аяз түседі. Бірақ аяз да көпке созылмайды. 3-4 тәуліктен соң аяздың беті қайтады.

Хабар 24 телеарнасы