420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында кәсіпкерлер бірнеше көлді сатпақ болған

  • 104
  • UPD: 22:11, 21.12.2020
Ақмола облысында кәсіпкерлер бірнеше көлді сатпақ болған

Біраз уақыт бұрын хабарландыру сайттарының бірінде осындай хабарлама тарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда Татьяна есімді қолданушы Шортанды ауданында орналасқан Жаңакөл су айдыны мен Аршалы ауданындағы Нововладимировка және Ақжар бөгендерін сатылымға шығарған. Бағалары 5-10 млн теңге деп көрсетіліпті. Біздің тілшілер бұл мәселені көтеріп, құзырлы органдарға сұрау салғаны сол еді, хабарландыру дереу алынып тасталды. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бұл жайттан нысанды жалға алушылар, хабарсыз болып шыққанын айтады. Кәсіпкерлерге аталған су қоймалары 2018 жылы 10 жыл мерзімге балық шаруашылығын жүргізу үшін жалға берілген.

Нұрлан Есенғалиев, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бөлімінің бас маманы:

- Тиісті жарлыққа сәйкес көлді жалға алған пайдаланушылар оны толықтай немесе жартылай болса да өзгеге бере алмайды. Біз қазір Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің аумақтық инспекциясымен бірігіп, шара қолдануға кірістік. Барлығы анықталған соң тиісті жауапкершілікке тарталады. Бұл мәселе біздің бақылауымызда.

Хабар 24 телеарнасы