427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 334 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

  • 274
  • UPD: 10:27, 22.12.2020
Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 334 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

Биылғы қаңтар-қараша аралығында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 266,1 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 68,1 млрд теңге бөлінді.

Қараша айында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 24,1 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 7,1 млрд теңге бағытталды.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 509,4 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар саны 159,2 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 47 336 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 44 643 теңгені құрады.

Ақпарат көзі: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы