418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екібастұзда микрокредиттік ұйымның бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

  • 105
  • UPD: 11:28, 22.12.2020
Екібастұзда микрокредиттік ұйымның бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

Павлодар облысында микрокредиттік ұйымның бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлады Polisia.kz.

«Павлодар облысы Полиция департаментінің жедел қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады. Екібастұзда 16 желтоқсанда бетіне қара бетперде киген белгісіз ер адам микрокредиттік ұйымның бөлімшесіне басып кіріп, тапаншамен қорқытып, 65 мың теңгені иемденді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ ер адамнан пневматикалық тапанша тәркіленді. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы