420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда шырша жағу салтанаты 22 желтоқсанда өтеді

  • 329
  • UPD: 12:10, 22.12.2020
Нұр-Сұлтанда шырша жағу салтанаты 22 желтоқсанда өтеді Inbusiness.kz

22 желтоқсан сағат 20: 00-де Нұр-Сұлтанда қаланың барлық жаңажылдық шыршалары жанады.

Қала аумағында олардың саны 30-дан асады.

Сондай-ақ 22 желтоқсанда «Үйдегі шыршаны безендіру» флешмобы аясында азаматтарды 22 желтоқсанда сағат 20:00-де өз үйлерінде шыршаны жағуға қатысуға шақыратын бейнеролик жарияланды. Бұл флешмобқа кез келген адам телефонға видео немесе фото түсіріп, әлеуметтік желілерге орналастыра отырып, Нұр-Сұлтан әкімдігінің парақшасын белгілей отырып, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни, #Моднобытьдобрым хэштегімен жариялай алады.

Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындары үшін бейнеқұттықтаулар ұйымдастырылады. Оған танымал адамдар, қазақстандық эстрада жұлдыздары, актерлер және т.б. қатысады.

Хабар 24 телеарнасы