418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде дәрігерлер 3D-принтерден гипстің баламасын басып шығарды

  • 228
  • UPD: 08:58, 25.12.2020

Ақтөбедегі Батыс Қазақстан медициналық университеті мамандары пластикалық лонгеттерді басып шығаруға кірісті.

«3Д» принтермен жасалатын заманауи дәке қол немесе аяқ сүйектерінің сынығы кезінде қолданылады. Бұл медициналық бұйымдардың дәстүрлі гипстен айырмашылығы – қыздыру арқылы кез келген пішінге келтіруге болады. Салмағы жеңіл болғанымен гипске қарағанда анағұрлым берік. Тор көзді етіп жасалатын лонгеттер адам терісінің ойылмауы үшін ыңғайлы. Бұрын-соңды елімізде заманауи «3Д» принтердің көмегімен дәке басып шығарылмаған. Сондықтан медицина университетінің ғалымдары әзірге жаппай өндірістің болмайтынын жеткізді. Санаулы үлгісі ғана жергілікті аурухананың травматология бөліміне жіберіледі.

Самат Сапарбаев, М. Оспанов атындағы БҚМУ проректоры:

- Біздің ғалымдар лонгеттердің сапасын зерттеуге кірісті. Егер үмітіміз ақталса, Қазақстанның тәжірибелік медицинасында үлкен жаңалық болғалы тұр. Себебі біздің пайымдауымызша бұл лонгеттердің дәстүрлі гипстен артықшылығы көп. Мәселен, бұрынғы дәкелердің салмағы бір жарым келіге дейін жететін болса, бұл 50 грамм ғана. Балалар үшін де жеңіл. Тері де ойылмайды. Қол-аяқ сүйектері берік таңылады.

Хабар 24 телеарнасы