418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құтқарушылар сырғанақ тебу кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелерін атады

  • 123
  • UPD: 19:05, 27.12.2020
Құтқарушылар сырғанақ тебу кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелерін атады фото: astana.gov.kz

Елордалық құтқарушылар азаматтардың мұздан балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын, сондай-ақ Есіл өзені бойындағы мұз айдындары мен сырғанақтардағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуы бойынша ауқымды рейд жүргізді.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сырғанақтарда, мұз төбешіктердегі, мұз қалашықтарындағы негізгі қауіпсіздік ережелері:

- Қар немесе мұз сырғанағына тек баспалдақпен көтерілу; басқалармен соқтығыспау үшін төмен қарай сырғанап жатқан жермен көтерілуге тыйым салынады.

- Алдыңыздағы адам алыстап кетпейінше қозғалмаңыз.

- Төменгі жақта кідіріп қалмаңыз, тездетіп шетке шығыңыз немесе бүйіріңізге қарай домалаңыз.

- Тік тұрып сырғанауға болмайды.

- Арқаңызды немесе басыңызды алға бермеңіз (етпеттеп жатпаңыз), бірақ түскенде де, көтерілгенде де әрдайым алға қарап отырыңыз.

- Мұз жолағынан жүгіріп өтпеңіз.

- Егер мұз төбені бойлап адам өтіп бара жатса, ол өткенше күтіп, содан кейін ғана сырғанаңыз.

- Егер соқтығысудан қашу мүмкін болмаса (жолда ағаш, адам және т.б. болса), бүйіріңізге аунап түсуге немесе мұз бетінен домалап кетуге тырысыңыз

- Мұз қабаты тегіс емес сырғанақтан аулақ болыңыз.

Жарақат алған жағдайда дереу зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуіңіз керек, 112 шұғыл шақыру қызметіне хабарлаңыз. Үсік шалудың алғашқы белгілері пайда болған кезде, сондай-ақ өзіңізді нашар сезінсеңіз, сырғанауды тоқтатыңыз.

Сондай-ақ құтқарушылар жол жүру бөлігінің жаны мен теміржол іргесін сырғанақ ретінде пайдалануға болмайтынын ескертеді. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

 

Хабар 24 телеарнасы