420,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысындағы полиция бір ай ішінде жүргізушілерге 12 рет көмектесті

  • 116
  • UPD: 11:50, 28.12.2020
Түркістан облысындағы полиция бір ай ішінде жүргізушілерге 12 рет көмектесті

Түркістан облысының патрульдік полиция қызметкерлері бір айда 12 жүргізушіге жәрдем берді. Олардың көбі қар құрсауында немесе өзге де жағдайға байланысты жол бойында тұрып қалған.

Мәселен, күні кеше қос полицей Алматы-Ташкент-Термез тас жолында жүк көлігіне қол ұшын созып, жүргізушінің алғысына бөленді. Тәртіп сақшылары қар кесірінен орнынан қозғала алмай тұрған жүк көлігінің жолын қардан тазалап, құм сепкен. Полицейлер азаматтарға кез келген жағдайда көмек беру басты міндетіміз дейді. Сондай-ақ тұрғындарға жолға шығарда ауа райына мән беріп, өзімен бірге керек құралдарды алып жүруге кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы