418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда бизнес орталығы өртенді

  • 140
  • UPD: 14:08, 28.12.2020
Алматыда бизнес орталығы өртенді

Алматыда бизнес орталық өртеніп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Отқа оранған ғимараттың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада өрт «Кәусар» тұрғын үй кешенінде, «Сайрам» автобекетінің маңында болғаны айтылады. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

«28 желтоқсан күні 12 сағат 27 минутта өрт сөндірушілер Алмалы ауданы Төле би көшесі 286/4 мекенжайында шыққан өртке жіберілді. 6 минуттың ішінде келгенде төрт қабатты ғимараттың үшінші қабатындағы кеңсенің жанып жатқанын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің тобы адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді, өрт ошағында қалған адам жоқ болып шықты. Өрт сөндірушілер 30 шаршы метрді шарпыған жалынды 15 минуттың ішінде (12:48-де) сөндірді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінен.

Хабар 24 телеарнасы