418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысы қайтадан «қызыл аймаққа» енді

  • 143
  • UPD: 20:24, 28.12.2020
Қостанай облысы қайтадан «қызыл аймаққа» енді

Коронавирустың таралуы бойынша Қостанай облысы «қызыл аймаққа» енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде соңғы тәулікте 62 адамнан ауру анықталған. Оның басым бөлігі – Қостанай мен Рудный қалаларында. «Қызыл аймаққа» енгенмен, жергілікті мамандар жағдай тұрақты деп отыр. Облыстық штабтың мәліметтеріне жүгінсек, желтоқтан айында ауруға шалдыққандардың саны, аз да болса кемігендігін байқаймыз. Сол себепті бірнеше рет карантин талаптары да жеңілдетілді. Ал енді «қызыл аймаққа» кіруімен өңірде қайтадан қосымша шектеулер енгізіле ме, жоқ па, ол жағы әзірге беймәлім.

Хабар 24 телеарнасы