420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайлау-2021: жаңа мақсаттар мен міндеттер

  • 145
  • UPD: 10:04, 29.12.2020

Қарағандыда «Сайлау-2021: жаңа мақсаттар мен міндеттер» деген тақырыпта жиын өтіп, алдағы сайлаудың мән-маңызы талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолғы саяси додаға жаңа заң аясында жастар мен әйелдер көптеп қатысуда. Мінберден аналарымыз бен жас буын көрініп жатса, жаңа толқын келсе, бұл біздің саяси тұрғыдан жетілгеніміз, демократияның көрінісі дейді саясаткерлер. Жиынға қатысушылар үгіт жұмыстарының жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап өтті. Бұрыңғыдай дәстүрлі форматта емес, әлеуметтік желінің мүмкіндігі жақсы пайдаланылады. Тіпті шалғай елді мекендерге де ақпараттың жетуіне баса мән беріліп отыр.

Қазыбек Майгелдинов, саясаттанушы:

– Мұндай платформалардағы саяси партиялардың болсын, саяси бағыт бойынша өкілдердің қатысуы ол қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтуға үлкен үлес қосып жатыр. Сондықтан биылғы сайлаудың жаңа технологиялардың, жаңа ақпараттық кеңістікте, жаңа бағыттармен келуі бұл үлкен алға ілгерлеушілік деп білемін.

Самат Нұртаза, саясаттанушы:

– Геосаяси жағдай, айналамызда көріп отырмыз, тұрақтылық пен бейбіт өмірді сақтап қалу өте маңызды болып тұр. Сондықтан да жаңадан келетін мәжіліс менің ойымша, бұған бір үлкен үлес қосады деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы