420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да цифрлық жүйемен жабдықталған ферма ашылды

  • 123
СҚО-да цифрлық жүйемен жабдықталған ферма ашылды

Солтүстік Қазақстан облысының Чапаев ауылында цифрлық жүйемен жабдықталған ақылды ферма ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондағы әр сиырдың жағдайы компьютер арқылы бақыланады. Мал шаруашылығы кешені 720 бас ірі-қараға есептелген. Жақында Германиядан симментал тұқымды малдың алғашқы легі әкелінген. Зеңгі баба төлінің әрқайсысына тиесілі карталары бар. Мұнда оларға қатысты жеке деректер енгізілген. Сондай-ақ фермада сиырды сауу кезеңдері жаңа технологиялардың көмегімен бақыланады. 2021 жылы өңірде тағы 10 сүт фермасының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

– Бұл фермаға 3 млрд инвестиция құйылды, 35 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Жалпы медициналық норма бойынша бір адамға 340 литр сүт қажет екен, бір жылда бұл ферма 3 мың 600 тонна сүт өндіреді жылына. Сондықтан бір ғана ферма 10 мың адамды сүтпен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар бүгін Тайынша ауданында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Онда бокс, күрес, ауыр атлетика, футбол, баскетбол және волейбол залдары толық жабдықталған. Көрермендерге арналып 160 орын да дайындалыпты. Биыл мұндай спорт нысандары алты аудан орталығында бой көтере бастады.

Хабар 24 телеарнасы