420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО: өрт сөндірушілер тұрғындарға ерекше сый жасады

  • 116
  • UPD: 20:44, 29.12.2020
БҚО: өрт сөндірушілер тұрғындарға ерекше сый жасады

Батыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер тұрғындарға ерекше сый жасады.

Құтқару жасағы әр бекеттің алдына қардан, мұздан композициялар орнатты. Әсіресе Оралдағы мүсіндер көптің таңдайын қақтырды. Қардан жасалған алып сиырдың сұлбасын көзбен көру үшін арнайы келетіндер көбейді. Мүсіннің салмағы шамамен 3 тонна болады. Биіктігі 2 метрден асады. Оны құтқарушылар үш күнде жасап шыққан. Жылдың символынан бөлек өрт сөндіруге арналған ауыр техника да бейнеленді. Ал Дариян ауылындағы бекетте мұздан ойылған сиыр мүсіні қойылды.

«Бос уақытты тиімді пайдаланып, жаңа жыл қарсаңында тұрғындарға шаттық сыйлағымыз келді», - дейді өрт сөндірушілер.

Әлішер Құттығали, өрт сөндіруші:

- Айналадағы қардың бәрін жинап, бір жерге алаңға үйіп, белгілі бір уақыттың ішінде ол қардың өзі бір қалпына келеді. Сол сәттен кейін жұмысты бастауға болады. Балаларға, жеткіншектерге мысал ретінде. Мысалы, бос уақытында үйде емес, телефонда емес, сыртқа шығып, осындай бір нәрселерге. Адам деген өмірде қолмен жасап, бәрін танып біледі.

Хабар 24 телеарнасы