421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде әскерилер мұз қалашығын салды

  • 126
  • UPD: 11:43, 31.12.2020
Ақтөбеде әскерилер мұз қалашығын салды

Ақтөбелік әскерилер мұз қалашығын салды. Түрлі пішіндегі ертегі кейіпкерлері мен жылдың басты нышандары көпшіліктің қызығушылығын туғызып отыр.

Әсіресе ол жер балалардың сүйікті орнына айналып үлгерді. Бұл 30238 әскери бөлімі офицерлері мен келісім-шарт негізіндегі әскери қызметшілердің тұрғындарға жаңа жылдық тартуы. Олар бұл істі алдағы уақытта да дәстүрге айналдырмақ.

Бекжан Кеңес, 30238 әскери бөлімі батальоны командирінің орынбасары:

- «Батыс» өңірлік әскери қолбасшылығының әскери қызметкерлерінің шешімімен жасалған. Қазіргі уақытта көп жерлер жабық болуына байланысты кішкентай балалардың ойнайтын ойын-сауық кешендері жабық болуына байланысты осы қуаныш сыйлау мақсатында қармен жасалған қалашықты жасадық.

Хабар 24 телеарнасы