387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да 3 балықшы жоғалып кетті

  • 658
  • UPD: 18:00, 05.04.2017
ОҚО-да 3 балықшы жоғалып кетті Фото: Проспект Мира

Оңтүстік Қазақстан облысында үш бірдей балықшы жоғалып кетті.

Созақ ауданындағы Қыземшек елді мекенінің тұрғындары Шу өзеніне балық аулауға барған. Астарында жол талғамайтын «Нива» көлігі болған. Олар үйлерінен сәуірдің бірі күні шыққан екен. 1979, 1986 және 1980 жылы туған азаматтар содан қайта оралмапты. Алдында ағайындары келіп қалар деп күткен. Сосын жұрт жабылып, іздестіріп көріпті, нәтиже болмаған соң құтқарушыларға жүгінген. Кешеден бері төтеншеліктер таудан бастау алатын асау ағысты Шу өзенінің бойынан іздестіріп жатыр. Оған 7 техника мен жеке құрамнан 5 қызметкер және ауылдың 10 тұрғыны мен аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылған.

Жазда арнасы тіпті үзіліп қалатын өзенде көктемде су деңгейі біршама көтеріледі. Құтқарушылар Бетпақдала төсіндегі құмды алқапқа барып, сіңіп кететін өзеннің бойынан көліктің ізін тапқанын хабарлаған. Алайда жер шалғай болғандықтан, қазір іздестіруші топтың өзімен байланыс жоқ дейді ОҚО ТЖД баспасөз орталығындағылар.

Авторы: Қ.Жүнісбеков

Хабар 24 телеарнасы