388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспий теңізіне шомылуға барған қыз бен жігіт суға кетті

  • 1592
  • UPD: 14:39, 31.07.2017
Каспий теңізіне шомылуға барған қыз бен жігіт суға кетті Фото: Tourweek

Ақтаудың іргесіндегі «Солдат» жағажайына шомылуға барған қыз бен жігіт суға батып кетті.

Оқиға түнгі он шамасында болған. Теңізге батқан екі адамның денесін сол жерде демалып жатқан адамдар алып шығыпты. Шұғыл жедел жәрдем шақыртып, дәрігерлер келгенше алғашқы көмек көрсеткен. Алайда жағажайға жеткен ақ халаттылар қыз бен жігіттің өмірін құтқарып қала алмады. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, суға кеткен жігіттің жасы 20, ал қыздың жасы 17 шамасында. Олар Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылының тұрғындары екен.

Авторы: Талғат Исламұлы

Хабар 24 телеарнасы