384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент пен Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

  • 1104
  • UPD: 13:40, 31.01.2018
Шымкент пен Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді Фото: Mynet

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станция желісі 31 қаңтар күні сағат 13:07-де жер сілкінісін тіркеді.

Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 894 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 14.1 болса, MPV магнитудасы – 6.9, ал тереңдігі – 180 шақырым. Шымкент қаласында 3-4 балл, ал Таразда 3 балдық сілкініс сезілген.

Хабар 24 телеарнасы