386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда дөңгелек сақтау қоймасы өртенді

  • 500
  • UPD: 14:11, 20.05.2018
Талдықорғанда дөңгелек сақтау қоймасы өртенді ҚР ІІМ ТЖК

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жалын 290 шаршы метр ауданды шарпыған.

Өрт сағат 10:00 шамасында тұтанып, 12:20-да сөндірілді.

Ведомствоның хабарлауынша, қоймаға жапсарлас орналасқан тұрғын үйлерге зақым келмеген. Өртті сөндіруге 25 қызметкер және 6 арнаулы техника жұмылдырылды. Коммуналдық қызметтер қосымша түрде үш су тасығыш техника бөлді.

Хабар 24 телеарнасы