366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда көп қабатты тұрғын үй өртенді

  • 191
  • UPD: 23:50, 20.07.2018

Атырау қаласындағы Молдағалиев көшесіндегі көп қабатты үйдің бірінен өрт шықты.

Оқиға орнына жедел жеткен арнайы қызмет мамандары он адамды құтқарған. Олардың жетеуі бала. «Әйтеуір ешкім жарақат алған жоқ, тек түтінге уланған» дейді дәрігерлер. Қазір зардап шеккендер мамандардың бақылауында.  

Әділғапар Жұманов, өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің басшысы:

- Қазіргі таңда 14 адам құтқарылды. Автосатымен 7 бала және 3 ересек адам. Сонымен қатар ішкі үй сатысымен 4 адам құтқарылып отыр. Өртті сөндіруге  20 адам жұмылдырылып отыр осы жерде 2 автоцистерна және бір автосаты қолданылды.

Хабар 24 телеарнасы