365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Денис Тенмен қоштасуға белгілі спортшылар келді

  • 997
  • UPD: 12:57, 21.07.2018

Алматыда қара жамылған қаралы жұрт даңқты спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды.

Халық тіпті кешен ішіне кіру үшін кезекке тұрған. Барлығы Олимпиада жеңімпазының нұрлы жүзін соңғы рет көріп қалғылары келеді. Кешен марқұммен қоштасуға келген адамдармен лық толды. Спортшымен қоштасуға билік тұтқасын ұстаған шенділер де, ел намасын жаһандық жарыстарда қорғап жүрген атақты спортшылар да келді. Олардың қатарында Геннадий Головкин, Қанат Ислам сынды былғары қолғап шеберлері бар. Одан бөлек, көрші Ресей елінен де мәнерлеп сырғанаушылар келді.

Фотосурет tengrinews.kz сайтынан алынды

Мәнерлеп сырғанаудан қазақ атын төрткүл дүниеге танытатын талай спортшы өсер, оған да көп ұзамай куә болармыз. Бірақ Денис салған жол – дара жол, сара жол. Ол өз сүрлеуін қалыптастырды. Сол сүрлеумен абыроймен жүріп өтті. Бақи өмірге аттанған батыр ұлға, «бақұл бол» деуден басқа амал  жоқ. Марқұм қала іргесіндегі Достық ауылына жерленеді.

Хабар 24 телеарнасы