374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

  • 197
  • UPD: 22:39, 15.08.2018

Қарағанды қаласында 3 жасар ұл бала төртінші қабаттағы үйдің терезесінен құлап, төмендегі дүкеннің шатырына түскен.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жұмсақ зембіл мен альпинистік құрылғыларды пайдалану арқылы баланы төмен түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Қазір бүлдіршін облыстық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оған мидың шайқалуы, іштің жабық жарақаты мен өкпенің соғылуы диагноздары қойылды. Дәрігерлердің айтуынша, бірер күннен кейін облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылады. Бұл Қарағандыда биыл көпқабатты үйден құлап кеткен 14-ші бала. Өкініштісі, оның үшеуі қаза болған еді.

Осы категория бойынша: « Ақтөбе облысында той үстінде оқ атқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды Ақтөбеде аялдама астында қалған әйел екі ай ауруханада емделеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы