374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде бензин таситын көліктің жану себебін арнайы комиссия анықтауда

  • 250
Ақтөбеде бензин таситын көліктің жану себебін арнайы комиссия анықтауда tengrinews.kz

Ақтөбеде бензин таситын көліктің жану себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.

Бұл туралы Ақтөбе облысының индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі департаментінде хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, 10 қыркүйек күні сағат 13:49-да «Sinooil ЖШС-нің Ақөбедегі бөлімшесінің мұнай базасы аумағында ауыр жүк тасымалдайтын көлікке мұнай өнімін құю кезінде тарсыл орын алып, машинаның жануына ұласқан.

Жануды кәсіпорынның өртке қарсы қызметі уақытында ауыздықтап, көзін жойды.

«Кәсіпорынның үш қызметкері түрлі дәрежедегі күйіктер алды. Зардап шеккендердің барлығы да Ақтөбе қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасының травмотологиялық бөліміне жатқызылды. Оқиға алдын ала болжам бойынша топтық жазатайым оқиғаға әкеліп соқтырған көлік апаты ретінде классификацияланады», – деп атап өтті департаментте.

Қоса кетейік, өрттен зардап шеккендерге барлық медициналық көмек көрсетіледі.

Орташа ауыр дәрежедегі күйік шалған бензин тасығыш көліктің жүргізушісі ЖМЖА-ның травмотологиялық бөлімінде ем алып жатыр, денесінің 55-85% күйген екі оператордың жағдайын дәрігерлер ауыр деп отыр.

Оларды емдеуде кеңес беру үшін Ақтөбеге Астанадан комбустиолог дәрігер келді.

Осы категория бойынша: « Петропавлда өртеніп жатқан пәтерден 10 жасар бала құтқарылды Жамбыл облысында елдің үрейін ұшырған қарақшылар ұсталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы