366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның Қарулы Күштері тосын дабыл бойынша көтерілді

  • 189
  • UPD: 17:49, 17.09.2018

Еліміздің әскері тосын дабыл бойынша көтерілді.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қарулы Күштердің құрамалары мен әскери бөлімдері кенеттен сап түзеп, қолға қару алды. «Шығыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бірқатар бөлімдеріне Қазақстанның батыс өңіріне топтасуға нұсқаулық берілді. Жедел шара барысында әскери құрам, теміржол және әскери-көлік авиациясының ұшақтарымен қатынап, жауынгерлік дайындықтарын пысықтады. Сондай-ақ теңіз күштерінің қосымша шекара қызметінің кемелері мен катерлері тартылды. «Батыс-2018» деп аталған стратегиялық оқу-жаттығуына ұзын саны 5 мыңнан аса әскери қызметші қатысты.

Хабар 24 телеарнасы