360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда әскери қызметкер өзін өзі атып тастады

  • 131
  • UPD: 11:21, 21.09.2018
Қарағандыда әскери қызметкер өзін өзі атып тастады Misto.KH.UA

Қарағандыдағы Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінің қызметкері өзін өзі «Калашников» қаруымен атып өлтірді.

Марқұм болған Тимур Нұрманов Шымкент қаласының тумасы. 2014 жылдан бері Ұлттық ұлан сапында әскери қызметте. Ол қылмыстық атқару жүйесі мекемесін күзететін бөлімшеде жұмыс істепті. Оқыс жағдай сол жердегі казармада болған. Әріптестерінің айтуынша, Тимур Нұрманов өткен жылы ғана шен алыпты. Басшылары «мұндай қадамға неліктен барғаны беймәлім, мінез-құлқынан еш өзгеріс байқамадық», - деп отыр. Қазір кіші сержанттың өліміне қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Аян Есжанов, 6505 Әскери бөлімінің командирі:

Қызметтік тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әскери прокуратураға, ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасына орталық өңірлік қолбасшылығы тарапынан хабар берілді. Тимур Нұрманов келісімшарт бойынша 3 жылдан артық қызмет етті. Жедел әскери борышын да осы 6505 бөлімінде өтеген еді.

Хабар 24 телеарнасы